Әсел Омар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әсел Омар - 1973 жылы 29 мамырда Алматы қаласында туған. 1995 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын, 1996 жылы Бүкілресейлік сыртқы Сауда академиясының Мәскеудегі халықаралық бизнес институтын бітірген.

«Новое поколение» газетінде жұмыс істеген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспа үйінде бас редактор болып қызметке орналасқан. 

Түрік тілді жазушылардың шығармаларын орыс тіліне аударған. Өлең, әңгіме жазады.

«Сорос-Қазақстан» әдеби конкурсының лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса   - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}