Әселхан Қалыбекова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Жазушы Әселхан Қалыбекова (22 сәуір, 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған) — от ауызды орақ тілді, қазақтың арқалы айтыскер ақын қызы. Қазақ КСРнің Халық ақыны (1990). Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты (1989). Отырар ауданының Құрметті азаматы.
Толығырақ
- Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.
- Әселхан Қалыбекова белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы.
- 1966 жылы Көксарай елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы орта мектебін бітірген.
- 1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында қызмет етті.
- 1971-91 жылдары аралығында аудандық ауа райы мекемесінде бақылаушы қызметін атқарған. *1981 – 1982 жылдары суырып салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады.
- Әселханның айтыс өнеріне қосқан үлгі-өнегесі мол. Ақын апа айтыс әлемінде алып самұрыққа ұқсайтын, қанатымен дауыл тұрғызып, екпінімен найзағай ойнататын, елінің ең сүйікті перзентіне айналған. Республикамызға танымал белгілі ақындардың бәрімен кездесіп, аймақтық, республикалық, халықаралық көптеген дүбірлі айтыстарда намысты қолдан бермеген, от ауызды орақ тілді, арқалы ақын.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Мемлекеттік марапаттары
- 1989 жылы Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты атанды.
- 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6 сәуіріндегі жарлығы бойынша «Қазақ КСРнің Халық ақыны» құрметті атағымен марапатталды.
- 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
- 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі
- 2005 жылы елбасының жарлығымен еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды.
- 2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі
- Отырар ауданының Құрметті азаматы құрметті атағымен және де көптеген медалдармен сыйлықтармен марапатталған.
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әселхан Қалыбекова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}