Әр-Рахман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ар-Рахман («шапағатшыл», «қайырымды») - Аллаһтың бір есімі, әдетте биссмилләда ар-Рахман - рақымшыл есімімен бірге қолданылады. Бұл екі есім де Аллаһтың ең басты қасиеттерінің бірін - адамдарға деген рақымшылдығын танытады. ар-Рахман атауын Исламға дейінгі Арабияда Құдайдың біреу ғана екендіғіне иландыру үшін пайдаланған. Бұл атау Оңтүстік Арабияның IV-VI ғ-дағы монотеистік жазбаларында кездеседі. Ішкі және солтүстік Арабияның халифалары, сондай-ақ Мұхаммедтің замандастары мен бақталастары - «Жалған Пайғамбарлар» Абхала әл-Асуад пен Мүсәйлима да өз құдайларын осылай атаған.

Есім

ар-Рахман Құранда Құдайдың Аллаһ пен Рабб есімдерінен кейін ең жиі қолданатын есімі. Құран шежіресінде Мұхаммедтің өз Құдайын көбінесе ар-Рахман деп атаған Мекке кезеңі ерекше көзге түседі. ар-Рахман кең тараған теофорлық - Әбдірахман, «Рахманның құлы», яғни «Құдайдың құлы» деген есімдердің құрамына енген.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub