Әнуарбек Талхаұлы Аймен

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Әнуарбек Талхаұлы Әймен (1953 жылы 17 қыркүйекте Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында туған) — экономист ғалым. Экономика ғылымының докторы (1999). профессор (2000). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2003). Құрмет орденінің иегері (2015). Тараз қаласының құрметті азаматы (2015).

Қоңырат тайпасы Көтенші руының Маңғытай бөлімінен.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Әнуарбек Әйменов (17.9. 1953 жылы туған, Шәуілдір ауылы) — ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1999). 1975 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын бітірген. 1975— 98 жылы сол институттта жауапты қызметтер атқарған, ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысқан. 1998 жылдан Тараз мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысуда. 100-ден аса ғылыми еңбегі, соның ішінде 1 монографиясы мен 3 оқу құралы жарық көрген. Мемлекеттік грантты иеленген (1994).<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Толығырақ

  • Әнуарбек Талхаұлы Әймен 1953 жылы 17 қыркүйекте Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында дүниеге келген.
  • 1975 жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген.
  • 1975 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының гидромелиорация жүйелерін пайдалану кафедрасының ассистенті
  • 1976 - 1978 жылдары аспирант, 1979-1988 жылдары су шаруашылығының экономикасы кафедрасының аға оқытушысы және гидромелиорация факультеті деканының орынбасары болды.
  • 1988 - 1992 жылдары су шаруашылығының экономикасы кафедрасының меңгерушісі, 1992-1998 жылдары нженерлік-экономикалық факультетінің деканы.
  • 1998 - 2000 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика және менеджмент» факультетінің деканы, 2000-2008 жылдары «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» (М.Х. Дулати атындағы ТарМУ) факультетінің деканы,
  • 2008 - 2010 жылдары «Экономика және бизнес» институтының директоры, 2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі лауазымында.
  • 2011 жылдан «Технология және ақпараттық жүйелері» институтының директоры.

Ғылыми атағы

Ғылыми шығармашылғы

  • 1985 жылы «Қазақстан республикасында мақта өсіру аймақта ағынды суларды жүгеріні суғару үшін пайдалануы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1986 жылы экономика мамандығы бойынша доцент атағын алды.
  • 1999 жылы «Онтүстік Қазақстанда суғару жерлердің экономикалық мәселері тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2000 жылы экономика мамандығы бойынша профессор атағын алды.
  • 1986 жылы өткен жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарының бүкілодақтық байқауында ұсынылған жұмысы 3- орынды иеленді.
  • 2001 жылы Қазақ Ауылшаруашылық Ғылым Академиясының толық мүшесі - академик болып сайланды.
  • 1 ғылым доктор, 12 ғылым кандидаты, 40 магистр, 500-ден астам инженер дайындады.
  • 430-дан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 23 монография және 15 оқу құралдарының авторы.

Марапаттары

  • 2003 - Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі (төсбелгісі)
  • 2003 - Жамбыл облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы
  • 2004 - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы
  • 2005 - ҚР Білім және ғылым министрлігі критерийі бойынша жетекші ғалым-экономист деп танылды
  • 2008 - ҚР Президентінің жарлығымен Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталды
  • 2010 - Білім және ғылым Министрлігінің «Үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері атанды
  • 2015 - ҚР Ұлттық экономикасы министрінің жерге орналастыру саланың дамуына және мамандар даярлауға белсенді қосқан үлесіне байланысты «Қазақстанның құрметті жерге орналастырушы» атағы беріліп, төсбелгісімен марапатталды
  • 2015 - ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталды
  • 2015 - Тараз қаласының құрметті азаматы атағы берілді
  • Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері құрметті атағының иегері.