Әлімжан Қанағатұлы Ерниязов
Әлімжан Қанағатұлы Ерниязов (9 сәуір 1955, Қазалы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР) — генерал-майор. (2011).
Өмірбаяны
Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1977), Мәскеу қаласы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын (1987), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясы Жоғары академиялық курсын бітірген (2001). Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесінің курсанты (1973-77), Орта Азия ЭО мотоатқыштар взводының командирі, пулемет взводының командирі, жалпы әскери мотоатқыштар взводының командирі, рота командирі, Орта Азия ЭО мотоатқыштар ротасы командирі, батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңшысы (1979-87), Орталық батальон командирі, Жезқазған облысы,Балқаш қаласы әскери комиссары, сақтау базасы полкінің командирі, дивизия командирінің орынбасары, сақтау базасы бастығы, ҚР ҚК арсеналдар мен қару қоры базасы Бас басқармасының бастығы, ҚР Құрлық әскері гвардиялық оқу орталығы бастығының орынбасары - бөлім бастығы, оқу орталығы бастығы, ҚР ҚМ қарамағында (1987-2006), АҚШ ҚК ОЦК Коалициясы координациялық орталығындағы аға ұлттық өкілі (1977-06), «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары, бірінші орынбасары - штаб бастығы, қолбасшы, ҚР ҚМ қарамағында (2006-09), 2009 жылғы тамызынан ҚР ҚМ Бас инспекциясының Бас инпекторы. Қызыл Жұлдыз, 3-дәрежелі «За службу Родине в СССР» ордендері, медальдармен марапатталған.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>
Дереккөздер
<references/>