Әлімжан Сейітжанұлы Құртаев
Әлімжан Сейітжанұлы Құртаев (10.10.1958 ж.т., Түркістан облысы Отырар ауданы Темір ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1999).<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>
Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын (1980, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) бітірген. Осы институттың Қызылорда бөлімшесінде оқытушы (1980–82), Шымкент қаласындағы «Оңтқұрылыс» тресінде шебер, аға инженері (1982–85), Алматы гидромелиоративтік-құрылыс ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер (1985–90), «Шымкентқұрылыс» тресінде комбинат директоры (1990–93), Арыс қаласының әкімі (1993–99), Түркістан облысы әкімінің орынбасары, кеңесшісі, Көші-қон және демография мекемесінің басшысы (1999–2004), ҚР Көші-қон және демография агенттігі төрағасының орынбасары (2004), Отырар ауданың әкімі (2005) қызметтерін атқарды.
«Физико-химические основы технологии композиционных материалов на силикатных вяжущих средствах» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI шақырылым депутаттары Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала