Әлібекмола мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны Әлібекмола мұнай кен орны - Ақтөбе облысы Темір ауданындағы кен орны. Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 240 км жерде орналасқан. Кен орны 1988 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Кен орны тектоникалық бұзылыс нәтижесінде оқшауланған антиклинальдық иілімді алып жатыр. Сейсмикалық зерттеулер бойынша құрылым өлшемдері 17×5 км, биіктігі 450 м. Өнімді қабаттар тас көмір кезеңінің әктасты шөгінділерінде түзілген.

Қанығу сипаты

Коллектордың кеуектектігі 6,5 – 12,1%, мұнай сіңімділігі 70 – 81,8. Бастапқы қабат қысымы 31,3 МПа, температурасы 70°С. Ұңғыманың тәуліктік өнімділігі 269 м3.

Құрамы

Мұнайдың меншеңді салмағы 0,845 г/см3, құрамында күкірт (1,31), парафин (8,08%), шайыр (5,61%) бар. Мұнайлы қабаттардың режимі – арынды серпінді-сулы келеді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер