Әль-Kаида

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әль-Kаида - [араб, "негіз"] - 1988 жылы қүрылған трансүлттық исламдық үйым. Бастапқыда Ауғанстандағы соғысқа қатысқан араб еріктілерінен түрды. 2001 жылға дейін "Талибтер" қозғалысымен тығыз байланыста болды. Әль-Каиданы қүрушы және басқарушы Усама бен Ладен (1957 жылы Сауд Арабиясында бай әрі атақты отбасында туған; мамандығы – инженер). ¥йымның идеологиясы саяси сунниттік фундаментализм қағидаттарына негізделген, ислам әлеміне батыстың ықпалына қарсы қарулы күрес жүргізуді мақсат етті. Вестернизацияға (батыстандыру) Әль- Каида кедергі келтіруге тырысатын жаңа кресшілер жорығы ретінде қарайды. ¥йымның мақсаттарының бірі - бүкіл- әлемдік ислам халифатын қүру. ¥йым тармақталған, бір-бірімен байланысы аз автономды бастауыш үйымдардан тұрады. Әль-Каиданың бөлімдері АҚШ пен Еуропаны қосқанда, шамамен, әлемнің елуге таяу елдерінде бар. Жаттығушы лагерлері мен оған тиесілі мекемелер бүкіл әлемге жайылған. Әль-Каиданың үйлестіруші орталығы болғанымен, эр бастауыш үйым едәуір дәрежеде автономды және қаржылай тәуелсіз. Бүл үйымның орталықсыздандырылған сипаты оған қарсы полицейлік және әскери шаралар қолдануды қиындатып, қол байлау болады. 1998 жылдан Әль-Каида ислам үйымдарының халықаралық бірлесуі "Еврейлер мен кресшілерге қарсы халықара¬лық исламдық майданының" орталығы болып табылады. Әль-Каиданың негізгі қызметі - батыстық институттарға, Ба¬тые азаматтарына, сондай-ақ мүсылман әлеміндегі батыстандыруды қолдайтындарға қарсы лаңкестік актілер үйымдастыру. Оның ең есте қаларлықтай шараларына мыналарды жатқызуға болады: Нью-Иорктегі Бүкіләлемдік сауда орталығын жаруға әрекеттенуі (1993),Египет президенті Хосни Мубаракты өлтіруге талпынуы (1995), Кения мен Танзаниядағы Америка елшіліктеріндегі жарылыстар (1998), Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік сауда орталығы мен Вашингтондағы Пентагонды террористік шабуылдау (2001 ж. 11 қьфкүйек), Мадрид (2004), Лондон (2005), сондай-ақ Ирактағы АҚШ бастаған коалиция күштеріне қарсы күрес әрекеттері. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}