Әлихан Бірімжанұлы Жарболов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Әлихан Бірімжанұлы Жарболов (18 шілде 1955, Қорғалжын ауылы, Қорғалжын ауданы, Целиноград облысы, Қазақ КСР) — әскери қайраткер, генерал-майор. Алматы жоғары командалық училищесін (1976), Мәскеу әскери академиясын (1989) бітірген. 1976 — 1986 жылы Германиядағы кеңес әскерлері тобында взвод,рота командирі, батальон штабы бастығы, батальон командирі, әскери академияны бітірген соң полк командирінің орынбасары, полк командирі, танк дивизиясы командирінің орынбасары, дивизия командирі, армиялық корпус командирі қызметтерін атқарды. 1996 — 1997 жылы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, 1997 — 2000 жылы мотоатқыштар әскерлері оқу-жаттығу орталығының бастығы болды. 2000 жылдан Қазақстан Қарулы Күштері Оңтүстік әскери округының қолбасшысы. ІІ-дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған.