Әлемдік өркениет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлемдік өркениет<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref> - (Үлгі:Lang-la) -
1) адамзаттың қол жеткен табыстарының жиынтығы;
2) әлемнің қарқынды ілгері дамуы;
3) нақтылы ал- дыңғы қатарлы (әдетте батыстық) әлеуметтік тәртіптің нормативті түсінігі.

Қазіргі қоғамтануда әлемдік әркениет жайлы пікірталастар аса маңызды орын алады. Әлемдік өркениеттің негізгі қырларын талдау - оны шынайылық деп қабылдау немесе мінсіз нормативті үйлесім ретінде қарастыру. Сонымен қатар әлемдік өркениетті ойдан шығарылған, жалған ретінде мойындамау ұстанымы да бар (А. Тойнби, С. Хантингтон және т.б.).

Әлемдік өркениетті түсіну мәселесі адам қызметінің барлық саласымен байланысты. Жаһандану процесінің мәнін түсіндіруде бір жағынан еуропалық-атлантикалық өркениеттің монологын білдіретін, өркениеттік айырмашылықтарды жоққа шығаратын оптимистік пікірлер, "бір өркениеттің екіншісіне қарымтасын қайтаруы" (Ф. Бродель); екінші жағынан, жаһандану жағымсыз қырынан, жаһандық процестер батыстық емес қоғамдарды ескінің қалдығына айналдырушы ретінде қарастырылады.

Әлемдік және шағын өркениеттердің арақатынасы мәселесі өзіне тән белгілері бар әлеуметтік-мәдени қауымдастықтардың иерархиясын білдіретін ұғымдардың көпмәнділігіне орай әдістемелік қиыншылықтарға үшырайды. Біріншіден, бұл этноәлеуметтік құрылымдар болуы мүмкін (мыс., майя, вавилон, шумер өркениеттері және т.б.), яғни, этникалық құрылымы жағынан біртұтас қауымдастықтар. Екіншіден, өркениет ұғымына бір мәдени аудан аясына қарайтын кең ауқымдағы әлеу- меттік-мәдени қауымдастықтарды да жатқызуы мүмкін (мыс., эллиндік, еуропалық, латынамерикандық, ресейлік өркениеттер және т.б.) Үшіншіден, өркениетті тарихи біртиптес әлеуметтік-мәдени қауымдастықтарды формация құрылымымен байланыстырып қарастырады (құлиеленуші, феодалдық және т.б.). Сонымен қатар, "өркениет" ұғымы адамзат баласының қол жеткізген әлеуметтік және мәдени жетістіктерінің атауында қолданылады, осы жерде әлемдік өркениет ұғымымен тікелей жанасады.

Әлемдік өркениет тарихи бола тұра, әлеуметтік дамумен тығыз байланысты, нақтылы саяси, мәдени, этникалық, аймақтық ерекшеліктеріне қарамай, барлық адамзаттың әлеуметтік, материалдық және рухани жетістіктерін тізбектейді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлемдік өркениет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}