Феодализм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Феодализм - XVIII ғасырда Ұлы француз төңкерісі кезінде "Ескі тәртіп" (шексіз монархия, дворяндар үстемдігін) білдіретін ұғым; марксизмде - капитализмнің алдындағы әлеуметтік экономикалық формация. Қазіргі тарих шымында феодализм Батыс және Орталық Еуропада орта ғасыр дәуірінде өмір сүрген әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылады, алайда, феодализм әр дәуірде әртүрлі елдерде кездесті. Феодализм негізіне - вассал (бағынышты) мен сеньор, азамат мен зереннің, шаруа мен ірі жер иеленушінің ара қатынастары жатады. Феодализмге құқықпен бекітілген сословиелік, заңдық теңсіздік, рыцарлық әскери ұйым тән. Феодализмнің идеологиялық және өнегелік негізі ортағасырлық мәдениеттің мазмұнын анықтаған христиандық болды. Феодализмнің қалыптасуы V-IX ғасырлар. Рим империясын варварлар жаулап алғанынан кейін жүрді. Феодализмнің гүлденген дәуірінде (ХII-ХӀӀӀ ғасырлар) қалалар және қалалық тұрғындар экономикалық және саяси нығая түседі, сословиелік, өкілеттік жиналыстар құрылады (ағылшын парламенті, француз Бас штаттары және т.б.), сословиелік монархияның ақсүйектердің ғана емес, сословиелердің мүдделерімен де санасуына тура келеді. Қалалық экономиканың дамуы аристократия үстемдігінің табиғи-шаруашылық негіздерін шайқалтты, ал еркін ойлаудың таралуы дінге күпірлік етушілердің XVI ғасыр. Қайта Өрлеуге өтуіне әкелді. Протестанттық өзінің жаңа этикасымен және құндылықтар жүйесімен капиталистік сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің дамуына қолайлы жағдай туғызды. XVI-XVIII ғасырлар төңкерістер негізінен аяқталғанын белгіледі.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Феодализм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}