Әйкен Мұсабекова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әйкен Мұсабекова (24.1.1919, Қарағанды - 7.6.1992, Алматы) - актриса, әнші, Қазақстанның халық артисі (1985). 1936 - 1937 ж. Мәскеу консерваториясының қазақ опера студиясында оқыды. 1937 -1955 ж. Қарағанды облысы қазақ драма театрының кұрамында қызмет етті. Алғашқы ойнаған ролі - М.Әуезовтің "Түнгі сарын" драмасындағы Маржан. 1956 жылдан Қазақ академиялық драма театрының құрамында актриса болды. Алғашында музыкалық спектакльдерге қатысып, Қыз Жібек, Ақжүніс (Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегі" мен "Ер Тарғында"), Айман (М.Әуезовтің "Айман - Шолпанында") т.б. рольдерде ойнады. Бұдан кейін драма спектакльдерде көптеген рольдерді орындаумен көрермендер ілтипатына бөленді. Ойнаған негізгі рольдері қатарында Еңлік, Текті (Әуезовтің "Еңлік -Кебегі" мен "Қарагөзінде"), Баян, Мәрзия (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көриеш - Баян сұлуында" және "Ақан сері- Ақтоқтысында"), Зәуре (Б.Майлиннің "Майданында"), Әйгерім (Әуезов иеи Л.С. Соболевтің "Абайында"), Сымбат (Ә.Әбішевтін "Армандастарында"), Айбарша (Ә.Тәжібаевтың "Майрасы"), Айша (Т.Ахтановтың "Сәулесінде"), Тана (Қ,Сатыбалдиннің "Қабаған итінде"), Шәрбану (З.Шашкиннің "Акын жүрегінде"), Жиһан (Ж.Файзидің "Башмағында"), Эмилия (У.Шекспирдін "Оте.длосында")бар. 1958 жылдан киноға түскен."Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала