Әдрірахманов Серік Ахашұлы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әдрірахманов Серік Ахашұлы - 1966 жылы 27 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында туған. Қазақ.
Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1990), заңгер.
Жыл | Оқиға |
---|---|
1983 жылдан 1984 жылдың мамыр айына дейін, 1986 жылдың мамыр айынан 1990 жылға дейін | Қарағанды мемлекеттік университетініңстуденті. |
1984 жылдың мамыр айынан 1986 жылдың мамыр айына дейін | Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. |
1990 жылдан | прокуратурада сынақ мерзімінен өтуші. |
1991 жылдан | Алматы қаласы Фрунзе аудандық прокурорының көмекшісі. |
1992 жылдың қаңтар айынан | Алматы облыстық прокуратурасының аға тергеушісі. |
1993 жылдан | Алматы прокуратурасының AMI жөніндегі тергеушісі. |
1995 жылдан | Алматы қалалық төрелік сотының судьясы. |
1996 жылдан | Алматы қалалық сотының судьясы. |
2004 жылдан | ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік-құқықтық бөлімнің аға сарапшысы; ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекетік-құқықтық басқармасында сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімнің аға сарапшысы. |
2005 жылдан | ҚР Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі. |
2007 жылдан | Алматы облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотының төрағасы. |
2008 жылдан | Алматы қаласының мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотының төрағасы. |
2010 жылдың ақпан айынан бері | Астана қалалық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы. |
Үйленген
Жұбайы - Әбдірахманова Жәмиля Полатқызы (1968 ж. туған). Қыздары - Кәмиля (1991 ж. туған), Шолпан (1997 ж. туған).<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}