Жанкент

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жанкент— орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Сырдарияның Арал теңізіне құяр тұсында орналасқан. Жувейнидің, Несевидің және Омаридің кейбір еңбектерінде ол “Шаҝаркент” деп те берілген. В.В. Бартольдтің пайымдауынша, Жанкент 10 — 11 ғасырларда Оғыз мемлекеттік бірлестігі билеушілерінің қысқы ордасы болған. Жанкентте 1867 жылы П.И. Лерх және М.К. Приоровтар кішігірім қазба жұмыстарын жүргізіп, жобасын түсірген. Зерттеуді келесі жылы (1868) В.В. Верещагин жалғастырды. Ал 1946 жылы Хорезм археолия-этнография экспедициясы (жетекшісі С.П. Толстов) кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қаланың нақты жобасын сызып, әуеден суретке түсірген. Қаланың жобасы шығыстан батысқа созылған, бұрыштары тік келген, көл. 375225 метр cолтүстік-батыс бұрышында орналасқан цитаделінің көлемі 100100 метр, биіктігі 7 — 8 метр. Сыртқы қорғаныс қабырғасының сақталған бөлігінің биіктігі 8 метр, оның бұрыштарында орналасқан күзет мұнараларының оқ ататын қуыстарына дейін бұзылмаған. Ортағасырлық деректерде Ж. қаласын мұсылмандар қоныстанған. Гардизидің жазбаларында Ертіс өзенінің бойын жайлаған қимақтарға апаратын сауда жолына Жанкент арқылы өткен. Сондай-ақ, Сырдың бойымен Мауераннахрдан Жанкентке астық тасылған. Қаланың өрлеген шағы Шыңғыс хан шапқыншылығына дейінгі уақыт, яғни 10 — 12 ғасырлар аралығы. Оның парсыша аты Дех-и-Нау, арабша әл-Карьят әл-Хадиса, түрікше Янгикент, қазақша Жанкент, демек “Жаңа қала” деген мағынаны білдіреді. Қаланың 15 ғасырдан кейінгі тағдыры белгісіз, жазба деректерде де ешқандай мәлімет кездеспейді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Пайдаланған әдебиет

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}