Әбілкәрім Хамзин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әбілкәрім Хамзин (1940 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы) – Медицина ғылымдарының кандидаты (1969), докторы (1994), профессор (2001).
Өмірбаяны
- Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін (1963, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
- Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-зерттеу институтында аспирант (1966–1969, Мәскеу) болды.
- Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында хирург, рентгенолог, бас дәрігер (1963–1965)
- 1969-83 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер
- 1984-2003 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында рентген диагностикасы бөлімшесінің меңгерушісі
- 2004-2006 жылдары - С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің онкология, сәулелік диагностика және сәулелік терапия кафедрасының профессоры.
- 2007 жылдан бері -С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетің «Визуалды диагностика» кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері
- «Рентгендиагностика опухолей женских половых органов (по данным ангиографического исследования)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
- 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы.
Өкпе, жүрек, ас қорыту мүшелерінің, сүйек-буын және зәр шығару-жыныс жүйесі патологиясының рентген диагностикасы, ішкі артериялық химиялық терапия мәселелеріне арналған 143 еңбектің, оның ішінде
- «Әйелдердің жыныс мүшелері ісіктерінің диагностикасындағы ангиографиялық зерттеулер» (Алматы, 1994) монографиясының авторы.
- «Жатыр денесі рагын емдеудің тәсілі» (1998)
- «Бронхиалдық артерияны рентгенэндоваскулярлық катетерлеу арқылы екпе қатерлі ісігін операция алдындағы полихимиялық емдеу тәсілі» (2002)
- «Сүт безі қатерлі ісігін емдеудің тәсілі» (2003)
- «Жатыр мойны қатерлі ісігін емдеу тәсілі» (2003) атты авторлық куәліктердің иегері.
Марапаттары
- «Еңбек ардагері» медалімен (1988);
- «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (1988)* «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» (2000, 2002) белгілерімен марапатталған.
Отбасы
- Әкесі - Досаханов Хамза. Анасы - Досаханова Рәш.
- Үйленген. Жұбайы - Крапивина Валентина Владимировна, зейнеткер. Ұлы - Тимур (1962 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref><ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>