Әбдіғаппар Әшімұлы Әшімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Әбдіғаппар Әшімұлы Әшімов (1 қаңтар 1937 жылы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлікте туған) — ғалым. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1981). Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры.

Білімі

  • 1944 - 1954 жылдары Қазақ темір жолының Шу станциясының №62 орта метебін бітірген.
  • 1954 - 1960 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұрынғы Қазақ политехникалық иниституты металлургия факултетенің "металлургия процестерін автоматтандыру" мамандығы бойынша бітірген.
  • 1960 - 1963 жылдары Мәскеудегі болат және қорытпалар иниститутының асперантурасын бітірген.

Еңбек жолы

  • 1963 - 1989 жылдары Қазақ политехнологикалық институтынында аға инженер, доцент, кафедра меңгерушісі;
  • 1976 - 1985 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұрынғы Қазақ политехникалық иниститутының ректоры;
  • 1989 - 1991 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының Математика және механика институтынының директорының орынбасары; *1991 - 1994 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ақпараттану және басқару проблемалары институтынының директоры;
  • 1994 - 1997 жылдары Қазақстан Республикасы министрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік аттестациялық камитеттінің төрағасы болды.
  • 1997 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттану және басқару проблемалары институтынында бөлім меңгерушісі.
  • 1997 жылдан Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің "Ақпараттық технологиялар" кафидрасының профессоры.

Ғылыми шығармашылығы

  • 1964 жылы Мәскеудегі болат және қорытпалар иниститутының "Қара және түсті металдарыды өндіру саласында автоматты реттеу және басқару" мамандығынан "Тотықталған никель рудаларын шахталық қортуды матаматикалық модулдердің көмегімен зерттеу" тақырыбы бойынша техника ғылымының канидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
  • 1972 жылы Мәскеудегі болат және қорытпалар иниститутының "Қара және түсті металдарыды өндіру саласында автоматты реттеу және басқару" мамандығынан "Шахталық пештерде түсті металдардың концентрантары мен рудаларды қортуды оптималды басқару" тақырыбы бойынша техника ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дессертация қорғады.
  • Әшімовтің негізгі ғылым еңбектері бірегейлендірудің теориялық негіздері, автоматтық басқару теориясы, жүйелік талдау, ұйымдастыру жүйелерін басқару, өндірістік процестерді жобалау мен ғылыми-зерттеужұмыстарын автоматтандыру, т.б. мәселелерді зерттеуге арналған. Халықтар достығы орденімен, т.б. медальдермен марапатталған.

Мемлекеттік марапаттары

  • 1970 жылы "Қажырлы еңбегі үшін" медалі;
  • 1980 жылы "Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері" құрметті атағы берілді.
  • 1981 жылы "Халықтар достығы" ордені;
  • 1984 жылы 26 шілдеде "Еңбек Қызыл Ту" Орденімен марапатталды.
  • 1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасы;
  • 1989 жылы Қазақ КСР министрлер кеңесінің сыйлығының иегері;
  • 2006 жылы елбасының жарлығымен Парасат орденімен марапатталды.
  • 2012 жылғы елбасының қолынан жоғарғы мемелекеттік награда ІІ дәрежедегі Барыс орденімен марапатталды.

Ғылыми еңбектері

  • Справочник по теории автоматического управления, М., 1987;
  • Оптимизация структур данных в АСУ, М., 1988 (соавт.);
  • Статистическая теория автоматических систем с динамической частотно-импульсной модуляцией, М., 1988 (соавт.);
  • Введение в теорию систем автоматического управления с изменяющейся конфигурацией, А., 1993 (соавт.).

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбдіғаппар Әшімұлы Әшімов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}