Әбдірәшіт Аронұлы Сыдыханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбдірәшіт Аронұлы Сыдыханов– (12.8.1937 жылы Гурьев облысы Кулагин ауылы) – суретші, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (1990).

Жыл Оқиға
1965 жылы Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін (педагогтары Н.И. Крутильников, М.Кенбаев, А.Ғалымбаева, т.б.) бітірді
1965 жылдан бастап Көрмелерге қатысушы болды. Шығармашылық қызметін “Қазақфильмкиностудиясында бастады
1967 жылы КСРО СО мүшесі
1965 жылдан бастап Алматыда жұмыс істейді
1967 жылы Мәскеуде “Ән қанаты” фильміне жасаған эскиздері
1989 жылы Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында “Таңбалық кескіндеме” деген атпен соңғы жылдары жасаған еңбектері бойынша жеке көрмесі өтті

Шығармалар

Қоюшы-суретші ретінде “Қараш-Қараш” (1967), “Құлагер” (1972), “Кездеспей кеткен бір бейне” (1976), “Өрнек” (1979), “Жусан” (1986), тағы басқа көркем фильмдерді түсіруге қатысты. Ол – “1916 жыл” (1969, “Ақындар даусы", “Ереуілшілер”, “Жеңілгендер”), “Маңғыстау мұнайшылары” (1970), “Кездесу” (1982) триптихтарының, “Қазақстан туралы поэма” панносының (1974); сондай-ақ “Автопортрет” (1970), “Бозторғай әні” (1982), “Қарғалар бақташысы” (1987), “Жер бесік” (1997), “Тау. Қыз емшек” (2000), “Атырау кеші” (2002), “Асқақ ойлы ақын Махамбет”, “Мәңгілік әуені” (екеуі де 2003), т.б. шығармаларын жазған. Сыдыхановтың бейнелеу өнері саласындағы үздік туындылары кезінде Польшада, Болгарияда (1979), Ресейде (Мәскеуде, 1987) өткен халықаралық көрмелерге қойылды.

Марапаттар

1980 жылдары суретші өзінің суреттеме тілінің стилін өзгертіп, көрермендер мен сыншылардың жоғары бағасын алған: "Тон киген қыз" (1981, ГТГ, Москва), "Ақ бұлақ" (1986), "Әдемі інгенді сауу" (1987, Қастеев атындағы ГМИ, Алматы), сондай- ақ "Өз күшіктерін жеген ит" (1988,. Қастеев атындағы ГМИ ), шығармалары жарық көріп, Каспий жағалауындағы республикалардың Бакуде өткен на Биеннале көрмесінде алтын медальмен марапатталды. 1986 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Мемелкеттік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 1990 жылы, Қазақстан Республикасының өнерге еңбек сіңірген атағы берілді. Құрмет орденінің құрметті иегері, “Тарлан” сыйлығының лауреаты болды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер