Әбдірахман Байділдин
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әбдірахман Байділдин (1891 жыл, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы — 1931 жыл, Мәскеу) — қоғам қайраткері.
Өмірбаяны
- Омбыдағы мұғалімдер семинариясын бітірген (1917).
- “Бірлік” ұйымының мүшесі, әрі оның хатшысы болды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>
- 1917 жылы Ақпан революциясынан соң Ақмола облысы Қазақ комитетін ұйымдастыруға атсалысты.
- 1919 жылы Алашорда делегациясымен бірге Уфа мен Самарада өткен кеңестік билікке қарсы күштердің мәжілістеріне қатысады.
- 1920 жылы РК(б)П комитетінің мұсылмандар семинариясының төрағасы
- 1921—1922 жылдары Орынборда Қазақ АКСР Жер комиссариатының алқа мүшесі
- “Еңбекші қазақ” газетінің редакторы
- 1923 жылы Орал облысы партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің мүшесі
- “Қызыл Ту” газетінің редакторы
- 1923 — 1925 жылдары Мәскеуде Орт. баспаның қазақ секциясының қызметкері
- 1925 — 1926 жылдары Қазақ өлкелік БК(б)П комитетті баспасөз бөлімінің меңгерушісі
- 1926 — 1928 жылдары республика оқу-ағарту қызметкерлері кәсіподағының төрағасы
- 1929 жылы ҚазМУ-дің оқытушысы.
- 1929 жылы басталған қуғын-сүргін кезінде қамалып, 1931 жылы ату жазасына кесілді. Тергеу барысында тұрақсыздық танытып, алаш зиялыларына қарсы көрсетулер берген.
Шығармалары
- “Алдымыздағы мақсатымыз” (1926)
- “Оқытушылар мен кәсіпшілер қозғалысы” (1927)
- “Оқу қызметкерлеріне жолбасшы”
- “Жаңа әліппе” (1928) деген еңбектердің авторы.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>
Дереккөздер
<references/>Үлгі:Bio-stub