Әбдікерім Ережепұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбдікерім Ережепұлы (1867, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы — 1936, ҚХР-дың Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағы) — қоғам қайраткері, ағартушы.

Санкт-Петербург орман ш. ин-тында оқып жүргенде еліне келіп, болыстыққа сайланған. Әбдікерім Ережепұлы елді жаңаша басқаруға талпыныс жасайды. 1904 ж. Шыңғыстайда орысша-қазақша оқытатын төрт сыныптық мектеп ашқан. Онда орыс мұғалімдері, ақын С. Торайғыров ұстаздық еткен. 1913 ж. қыздарды еріксіз атастыруды және әмеңгерлікті жою туралы алты тармақты заң жобасын жасап, бекіттірген. Осы ережені іске асыруды қолға алған. 1920 ж. Семейде өткен Алашорда съезінде Әбдікерім Ережепұлы үкіметтің аймақтық к-нің мүшесі болды. 1928 ж. кеңес үкіметі органдарының құдалауына шыдамай, Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Ленинград (Санкт-Санкт-Петербург) ун-тінде оқыған ұлы Қамбар, Мәскеу сауда ин-тында оқыған ұлы Шабдан аймақтың ағарту-мәдениет жұмыстарына қатысады. Әбдікерім Ережепұлы қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң екі ұлы да тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Әбдікерім Ережепұлының өлеңдері мен әндері ел аузында сақталған.1936 жылы дүниеден өтті.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбдікерім Ережепұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}