Ұсақ бұзақылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұсақ бұзақылық — қылмыстық бұзақылыққа жетеқабыл әкімшілік құқық бұзушылық. Қоғамдық орындарда боқтап-балағаттау, азаматтың ар-намысына, шамына тию, ұрыну, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер, егер өздерінің сипаты жөнінен қылмыстық жауапқа тартуды талап етпесе, ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Заңда ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жолмен ықпал ету шараларын қолданудың айрықша тәртібі белгіленген.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6</ref><ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}