Ұлытау ән-би ансамблі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Ұлытау" ән-би ансамблі. 1973 жылы қазіргі Қарағанды облысының Ұлытау Мәдениет үйі жанынан (С.Елеусізов пен К.Досмахановтың қатысуымен) ұйымдастырылды. Ансамбль ұжымынын қалыптасуы негізінен Т.Боранбаев, Ф.Ғараева, Б.Қалиаскаров,Қ.Назарқұлов, К.Өрмұрзов есімдерімен тікелей байланысты. 1977 жылы Бүкілодақтық ән-би мерекесіне, 1981 жылы Грузияның құрылуына 60 жыл толу мерекесіне қатысты. Мәскеу қаласында өткізілген "Олимпиада - 80" спорт мерекесінің концерттік бағдарламасына да қатысып, өнер көрсеткен. Гастрольдік сапармен Германияда (1974, 1976) және Исландияда (1979) болды. Бүкілодақтық және республикалық еңбекшілер көркемонерпаздык шығармашылығы фестивалінің жеңімпазы (1975-77).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}