Ұлттық Банктің қызметтері мен операциялары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұлттық Банктің қызметтері мен операциялары

2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы Заңға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері қатарында бірқатар өзгерістер пайда болды. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке дамыған елдердің орталық банктері сияқты тек классикалық қызметтерді атқару жүктеліп отыр.

Соған сәйкес, барлық қадағалау қызметтері (банктік, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығын қадағалау) 2004 жылы 1 қаңтардан өзінің қызметін бастаған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне берілді.

Ұлттық Банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады:

Сонымен қатар, Ұлттық Банкке жоғарыда аталған қызметтерге қоса төмендегідей өзге қызметтерді атқару жүктеледі:

  • Қаржы нарығының барлық қатысушыларының қызметін реттеу және қадағалау, соның ішінде:
  • Банктер;
  • Сақтандыру ұйымдары;
  • Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары;
  • Жинақтаушы зейнетақы корлары.
  • Қаржы нарығының барлық қатысушыларына арналған бухгалтерлік есеп стандартын бекіту.

Ұлттық Банктің негізгі міндеті мен қызметтерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсаты көрсетіштер үшін Ұлттық Банктің жауапкершілігін күшейтеді.

Ұлттық Банк мынадай операцияларды жүргізеді:

  • бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;
  • мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  • депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жьшға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
  • депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы кағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
  • қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
  • қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
  • чектерді жазып вексельдерді береді;
  • жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.<ref>Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}