Эмиссия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эмиссия (Үлгі:Lang-la – шығарылым) – барлық нысандағы бағалы қағаздарды‚ ақша белгілерін‚ банк және қазынашылық билеттерін айналысқа шығару. Қолма-қол ақша және банк Эмиссисын эмиссиялық банк (ұлттық‚ орталық банк) жүзеге асырады; депозиттік чек эмиссиясын коммерциялық банктер атқарады; бағалы қағаздар Эмиссиясын мемлекеттік акциондық қоғамдар орындайды.

Ақша Эмиссисы тек ақша белгілерін басып шығару ғана емес‚ сонымен бірге айналыстағы нақты және қолда жоқ ақшаның санын көбейту деген сөз. Мемлекет аумағында қолма-қол ақша белгілерін айналысқа шығару және оны айналыстан алу жөніндегі айрықша құқық Ұлттық банкке тиесілі. Оған қолма-қол ақшаға жеткілікті қажеттілікті қамтамасыз ету‚ коммерциялық банктерде қолма-қол ақшамен жұмыс істеу тәртібін белгілеу міндеті жүктелген. Коммерц. банктерде қолма-қол ақшаның меншікті түсімдері мен қалдықтары жеткіліксіз болған жағдайда‚ оның операциялық кассалары Ұлттық банктің ақшасы есебінен толықтырылады‚ ол қажет болған жағдайда қосымша ақша шығарады. Егер қолма-қол ақшаға қажеттілік төмендесе‚ оның артығы айналыстан алынады. Ұлттық банкке сондай-ақ банктердің және басқа несие мекемелерінің депозиттік және несие операцияларын бақылау жолымен қолма-қол ақшасыз (несиелік) Эмиссия ны реттеу де тапсырылған.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Сондай-ақ Эмиссия мынадай түрлерге де бөлінеді: қазынашылық Эмиссия – қазынашылық немесе басқа да мемлекеттік қаржы органдарының айналысқа қағаз ақша шығаруы; айырбасталымды Эмиссия – мерзімі өтіп бара жатқан қарызды алмастыру үшін облигациялар шығару немесе айырбасталымды облигацияларды айырбастау үшін акциялар шығару; шектелімді Эмиссия – белгілі бір шектермен немесе шарттармен шектелетін несие билеттерін немесе қағаз ақша шығару; фидуциарлық Эмиссия – алтынмен қамтамасыз етілмеген ақша Эмиссиясы.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Economy-stub