Жақау Дәуренбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жақау Дәуренбеков (21. 10.1946 жылы туған, Арал ауданы, Сарбасат ауылы) – жазушы, журналист.

  • ҚР Баспасөз және полиграф ісінің қайраткері (2005). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1971).
  • Алғашқы «Бөгенауыл балалары» атты кітабы 1970 жылы жарық көрген.
  • 1971 – 1980 жылдары жастар газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі,
  • 1980 – 1993 жылдары «Өнер» баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары,
  • 1994 жылдан «Ана тілі» баспасының директоры.

Шығармалары

Дәуренбековтің «28 комсомол билеті» (1978), «Күн ұясы» (1984), «Ауылым – алтын бесігім» (1985), «Бір нәзік сәуле» (1989), «Айтыңыз құтты болсын» (1993), «Менің елім – Қазақстан» (2001) атты кітаптары жарық көрген. Жазушының «Күн ұясы», «Саяқ» повестері «Жалын» журналының жастар мен балаларға арналған сыйлығына ие болды. «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Жетістіктері

  • Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы болған (2002-2007 жж.).
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған.
  • Бірнеше дүркін Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Діни көзқарасы

Діни көзқарасы - мұсылман.

Хоббиі

Хоббиі - сурет салу.

Сүйіп оқитын әдебиеті

Сүйіп оқитын әдебиеті - мемуарлар.

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Рақымбекова Шұға, мұғалім. Ұлы -Дәуренбеков Бабыр (1973 жылы туған ); қыздары – Дәуренбекова Жанар (1975 жылы туған ), Дәуренбекова Жұлдыз (1979 жылы туған ).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub