Құттыбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құттыбай, Қу дауысты Құттыбай (шамамен 1700 – 1770) — би. Найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан. Арғы аталары Жанкөбек, Нарынбайлар өз заманында әйгілі билер болған. Құттыбай 1760 жылы Абылай және Әбілмәмбет хандардың тапсырмасымен Пекинге Цинь императоры Цяньлунге қазақ елшілігін басқарып барды. Елшіліктің сапары нәтижелі болып, Қытаймен шекарадағы аймақтарға қазақтардың қоныстануына жол ашылды. Қазақ саудагерлерінің Үрімжі, Құлжа, Шәуешек қалаларына келіп сауда жасауына рұқсат етілді.

Құттыбайдың баласы Байғара, немересі Ақтайлақ билер де әйгілі адамдар болды. Ақтайлақ би 1773 жылы Әбілпейіз хан мен Болат сұлтанның атынан Ежен ханға елші болып барған. Даналық, озық ойлылылық, батылдық, батырлық, қаталдық пен мейірім, байлық, біліктік, кісілік, парасат пен тектілік аталатын бар қасиет бір басынан табылып елге қызметі айырықша өткендіктен де болар Дулат жырау бабамыздың тұлғасын былай сомдаған ғой:
"Қу дауысты Құтыбай,
Қазақ туын көтерді.
Даналықпен айырды,
Келер менен кетеді.
Өтірік деші қанеки,
Мен айтпаймын бекерді.
Тұлпар мініп, ту алып,
Олжа салды еліне.
Тояттаған сұңқардай,
Құйылып еді жеміне.
Қазықтай жерге қадады.
Дұшпанын деген "сені ме".
Тізе қосып теңесті,
Тепкісі тең теңіне!"
(Заман сазы) Алматы. 1991 ж. 69-70 бет.

<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құттыбай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}