Құмды өзені
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Құмды – Ойыл өзені алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Алға мен Ойыл аудандары арқылы ағады. Ұзындығы 57 км, су жиналатын алқабы 871 км2.
Бастауы
Құмды өзені Ақшат тауының шығысындағы қыраттықтағы бұлақтардан басталып, Сарытоғай ауылы тұсында Ойыл өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Арнасы тар, жағасы тік жарлы. Жер асты суымен және жауын-шашынмен қоректенеді. Жаздың аптап ыстықтың кесірінен иірімдерге бөлініп қалады. Суына мал мен бақша суарылады, алабы - жайылым мен шабындық.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>