Құйық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Құйық немесе Циперус <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын өсімдіктер туысы. Ежелгі грек тілінен аударғанда «өзеннің байлығы» деген мағынаны білдіреді. Циперустың негізгі отаны Мадагаскар мен тропиктік Африка. Жалпы 400-ге жуық түрі бар. Олардың барлығы да жер шарының ылғалды, батпақты, тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Бізде циперусты бөлме гүлі ретінде өсіреді. Оның тік сабақтарының басында қолшатыр тәріздес жапырақшалары орналасқан.Түріне байланысты циперус сәуірден қыркүйек айына дейінгі аралықта гүлдейді. Гүлдері жапырақшаның дәл ортасынан шығады, жасыл түсті, кейін біртіндеп қоңырға айналады.

Таралу аймағы

Солтүстік Кавказ таулары, Батыс Сібір жазығы, Балқан түбегі, Кіші Азия түбегі, Қытай, Жапония, Орта Азия, Еуропа елдерінде кездеседі.

Түрлері

Жер бетінде 700-ден астам түрі кездеседі.

Қазақстанда 2 түрі:

Күтiмi

Циперусты бөлменің көлеңкелі жерлеріне, аквариумның маңына орналастырады. Үй жағдайында бойы биік емес, 70 см-ден 1-метрге дейін жететін түрлерін өсіреді. «Циперус-папирус» деген түрі тым биік болғандықтан, үй жағдайында өсіре бермейді. Ол Ніл өзенінің жағалауында өседі. Табиғатта жабайы түрде биік сабақтар шығарады. Ежелгі Египет елінде осы түрінен қағаз өндірген. Циперустың арасында жеуге жарамды түрлері де бар. Бірақ барлығының ортақ ұқсастығы, қолшатыр сияқты жапырақтарында. Жалпы алғанда циперустың биіктігі түріне қарай 30 см-ден 3 метрге дейін болады.

Жарығы

тіке түскен күннің көзіне қоюға болмайды. Жарықта және көлеңкелі жерлерде де жақсы өсе береді.

Жылуы

температураны аса талғамайды. Бірақ қыста 120С төмен болмағаны жөн.

Суғарылуы

мол суғарғанды ұнатады. Жазда өсімдікті түбегімен су құйылған ыдысқа салып қойған жөн. Қыс кезінде суғару мөлшерін азайтады.

Ылғалдылығы

қысы-жазы су бүркіп ылғалдандырып тұру қажет.

Қоректендірілуі

көктем-жаз айларында 2-3 аптада бір рет толық минералды тыңайтқышпен қоректендіреді.

Аурулары

ылғалдандырмай, құрғатып жібергенде, өрмекші, өсімдік кенесімен, ақ ұнтақ құртымен, аққанат зиянкестерімен ауруы мүмкін.

Көбейтілуі

тұқымын себу, түбін бөлу және жапырақ қалемшелері арқылы көбейтеді. Жапырақ қалемшелері арқылы көбейтудің ерекшелігі, қолшатыр тәрізді жапырақтарды сабағымен кесіп алып, суға сабағын емес, төмен қаратып жапырағын салады. Бір жапырақ қалемшесінен бірнеше өскіндер пайда болады. Кейін оларды бөліп, жеке-жеке түбектерге отырғызады<ref>"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727</ref>.


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер