Қыстаубайұлы Захардин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қыстаубайұлы Захардин1948 жылы 10 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Қажымұқан ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

1973-1982 жылдары қатардағы корректордан аудандық қалалық газеттердің бас редакторлығына дейінгі жолдан өтті. Облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жауапты хатшының орынбасары, Леңгір аудандық "Ильич жолы" — "Путь Ильича", Кентау қалалық "Кентау правдасы" — "Кентауская правда" газеттерінің бас редакторы қызметін (1982-1986) атқарды. 1987 жылы Алматыдағы республикалық "Жалын" баспасына ауысты. "Жазушы" баспасында, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде, "Игілікбанкте" қызмет етті. Көп жыл заң әдебиеттерін шығаратын "Жеті жарғы" баспасының бас редакторы болды. Бүгінде "Өркениет" баспасы ЖШС-нің директоры.

Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері оқушы кезінде аудандық облыстық газеттерде жариялана бастады. Тұңғыш әңгімелер жинағы студент кезінде жарық көрді. Бірнеше әңгіме, повесть жинақтарының, екі пьесаның авторы. Бірнеше рет әдеби конкурстардың лауреаты болды.

Шығармалары

  • Ақ тун. Алматы, "Жазушы", 1972;
  • Бәйтеректер. Алматы, "Жалын", 1977;
  • Жүректегі жүзік. Алматы, "Жалын", 1987;
  • Алматының ақ жауыны. Алматы, "Қағанат ", 1991;
  • Сүйріктің махаббаты. Алматы, "Жеті жарғы", 1998.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}