Қырғызбай Бақытбаев
Қырғызбай Бақтыбайев (20.11.1932 ж.т., қазіргі Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Жиенқұм а.) – физика-математика ғылымдарының докторы (1991), профессор (1991).
Сіргелі тайпасының Батыр руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ) және КСРО ғылым академиясының Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) физика.-технология институтының аспирантурасын (1965) бітірген. Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы (1954–1958), Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтында (1958), ҚазПИ-де (1981–1997, қазіргі ҚазҰПУ) кафедра меңгерушісі, декан қызметін атқарды.
1990 жылы «Теоретико-групповой подход к исследованию низколежащих состояний ядер» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Б-тың ғылвми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – көпбөлшекті жүйелердің микроскопиялық жағдайлардағы құрылымын, ядролық жүйелердің жиынтық және көпбөлшектік сәйкестігін зерттеу мәселесі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>