Қырықкүмбез қалашығы
Үлгі:Көне қалашық Қырықкүмбез (Төрткүл) қалашығы (IX-XII ғғ.) – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Байзақ ауданы, Төрткүл ауылының ішінде орналасқан.
Зерттелуі
Қалашықты 1985 жылы Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының Тараз археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов анықтаған. 2010 жылы "Археологическая экспертиза" ЖШС ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Ақылбек, Ш. Құдабаев) зерттеп, құралмен жоспарын түсіріп, координаттарын алған.
Сипаты
Төрткүл жоспарда шаршы тәрізді, қабырғалары дүниенің тараптарына қараған, өлшемі – 285х285 м, биіктігі – 3 м, кей тұстары 5 м келетін мұнаралы жалмен қоршалған. Мұнаралар орны әрбір 30 м сайын байқалады. Әр жанында, бұрыштардағы және қақпадағы мұнараларды есептемегенде 6-дан мұнара болған. Қақпа орындары солтүстік қабырғада, солтүстік-шығыс бұрышқа таман және шығыс қабырғаға, оңтүстік-шығыс бұрышқа таман орналасқан. Қақпалар Г-тәрізді келген, екі шығыңқы мұнарамен бекінген. Төрткүлді тас жол екіге бөлген.
Төрткүлдің ішіне қазіргі кезде үйлер салынып кеткен. Қорған қабырғаларының басым бөлігі бұзылып құрылысқа пайдаланылған. Батыс қабарғасы түгелдей дерлік жойылған. Қорған қабырғаларының бұзылған тұстарынан қабырғаның көлемі 30х12 см кесектер мен пахса блоктарынан қаланғанын көруге болады.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref><ref>Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Байзақ ауданы. – Алматы, 2010. 204 б. ISBN 978-601-7253-05-9</ref>