Төрткүл (Жамбыл облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан ТөрткүлЖамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жалғызтөбе ауылдық округіндегі ауыл.

Тарихы

Осы ауылдың маңында ертеде ІХ-Х ғасырларда қамал іспеттес қорғандар соғылған. Оның төрт бұрышты кіретін қақпасы және биіктігі 5-6 м. болатын қабырға-дуалы болған. Қамалдың маңын мекендеген халық сырттан жау шапқан кезде оның ішіне кіріп қорғанған. Бұл қорғандар солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай әр 4-5 км сайын орналасқан. Ондай қорғандар бірнеше. Қорғандар төрт бұрышты болғандықтан, қарауыл-сақшылар оның үстіне шығып жердің төрт бұрышын қарауға мүмкіндік болған. Яғни, төрткүл дүниені бақылап отырған. Сондықтан да жергілікті халық бұл қамалдарды Төрткүл деп атаған. Ал, осы қамалдың айналасындағы елді мекендерді тұрғылықты халық қамалдың атымен Төрткүл деп атап кеткен. Кейінірек ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында Ресей шаруалары қазақ жеріне қоныс аудара бастаған кезде осы ауылға да көшіп келген орыстар жері суармалы, егіншілікке лайықты болғандықтан Багара деп атаған ҚР Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссияның 06ү.02.1997 ж. ұйғарымымен аталмыш ауыл тарихи атауын қайта алды.<ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Байзақ ауданы елді мекендері