Қылыш балық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қылыш балық (Үлгі:Lang-la) - тұқытәрізділер отярды, тұқылар тұқымдасына жататын балық. Каспий-Жайық, Арал-Сырдария су алаптарында кездеседі.

Зоологиялық сипаты

  • Дене тұрқы 48 см, салмағы 1,1 кг-ға дейін.
  • Арқасы сәл дөңестеу, денесі ұзынша әрі екі бүйірінен қысыңқы.
  • Құрсағында (тамағынан аналь тесігіне дейін) өткір қыры (киль) созылып жатыр.
  • Қабыршағы майда әрі нашар бекіген.
  • Көкірек жүзбе қанаттары ұзын әрі құрсақ жүзбе қанаттарына дейін созылған.
  • Ересектерінің аузы жоғары қараған.
  • Арқасы жасыл көк, бүйірі ақшыл түсті.
  • Жыныстық жағынан көпшілігі 3 жылда, ұзындығы 16 см-дей болғанда жетіледі, араларында 1-2 жыл кешігіп жетілетіндері де кездеседі. Аталықтары мен аналықтарының сандық қатынасы барынша ауыспалы.

Көбеюі

Қылыш балық уылдырық шашу әдісі бойынша аралық (өтпелі) типке жатады. Каспий теңізінде олар уылдырығын бір рет сәуір айының соңы мен мамырда (кейбіреулері маусымның ортасына дейін) шашаса, Арал теңізі су алабында сәуірдің ортасынан шілденің ортасына дейін екі бөліп (су температурасы 12°С-қа жеткенде) шашады. 11 жылдай тіршілік етеді.

Қорегі

Негізгі қорегі - планктонды шаянтәрізділер, қосқанаттылардың дернәсілдері мен ересектері, бүйірімен жүзушілер, мизидалар, жәндіктер, балық шабақтары, т.б.<ref>Қазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

<references/>