Бүйірімен жүзушілер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Gammarus roeselii.jpg
Бүйірімен жүзушілер(Аmphіpoda)

Бүйірімен жүзушілер (Аmphіpoda) – буынаяқтылар типінің шаянтәрізділер класына жататын жоғары сатыдағы шаяндар. Негізінен тұщы суда тіршілік етеді. Қазір олардың 4500 түрі, соның ішінде Қазақстанда Каспий теңізінде 74, Арал теңізінде 1 түрі анықталған. Денесі бүйірінен қысыңқы, бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінен тұрады. Дене тұрқы 1 – 2 см-ден 30 см-ге дейін жетеді. Көкірек аяқтарының құрылысы әр түрлі, олардың барлығында желбезек пластинкалары болады. Құрсақ аяқтары жақсы дамыған, алдыңғы 3 жұп қос бұтақты аяқтары жүзу, ал артқы жұп аяқтары секіру қызметін атқарады. Бүйірімен жүзушілер дара жыныстылар, көбею кезінде аналықтарының көкірегінде ұрық дамитын қуыс пайда болып, ұрық сонда дамиды. Бүйірімен жүзушілердің көбісі талғаусыз қоректенеді, арасында жыртқыштары да, детритофагтар да (су түбіндегі өлекселердің қалдығымен қоректенетіндер) кездеседі. Бүйірімен жүзушілер – балықтардың қорегі.

<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүйірімен жүзушілер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}