Қызылқия мұнай-газ кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызылқия мұнай-газ кен орны - Қарағанды облысында, Құмкөл мұнай-газ кен орнынан батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Құрылым 1984-1985 жылдары сейсмикалық барлау нәтижесінде анықталған. Алғашқы мұнай өнімі 1986 жылы (3-ұңғыма арқылы) алынды.

Геологиялық құрылымы

Газ-мұнай шоғыры төмен неокомның арысқұм горизонтының шөгінділерінен (тереңдік ара қашықтығы 1467- 1600 м) табылған. Сонымен қатар аздаған мұнай өнімі 5- және 18-ұңғымадағы іргетас жынысынан алынған.

Қанығу сипаты, тығыздығы, құрамы

Мұнайға қанығу коэффициенті 0,59, газға қанығу коэффициенті 0,57. Қабат қысымы 15,1 — 15,8 МПа, температурасы 61-70°С аралығында өзгереді. Мұнайы жеңіл, тығыздығы 0,797-0,805 г/см3, күкірті аз (0,017-0,33%), парафинді (0,6-36,0%) және онда 0,1- 8%-ға дейін шайыр, асфальтендер бар. Ашық түсті фракциялардың шығымы 300°С-қа дейін 57,5%-ды құрайды. Табан сулары хлоркальцийлі, тығыздығы 1,050 г/см3, минералдылығы 61,1 г/л. Судың тәуліктік өнімділігі 9,87 м3. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қызылқия мұнай-газ кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}