Қоңыр теміртас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қоңыр теміртас - темірдің кентасы; кремний, алюминий гидрототықтарынан тұрады. Түсі қара қоңыр, ашық сары.

Минералдары

Қоңыр теміртас минералдарына гетит, гидрогетит, гематит, т.б. жатады. Құрамында оолит, бұршақ, конкреция, сталактит, қабыршақ, т.б. кездеседі. Бұларды кейде пирит, марказит, т.б.сульфидтер, темірлі карбонаттар мен тотықтар, органикалық қазба қалдықтар алмастырады.

Құрамы

Темір мөлшері 30%-дан жоғары (кейде 55%-ға дейін) болып күкірт, фосфор, күшәла мөлшері аз болғанда, өндірістік кентасқа жатады.
Қоңыр теміртас құрамында жиі кездесетін пайдалы қоспаларға марганец (4-5%), ванадий (пайыздың жүздік бөлігі) жатады.

Қалыптасу аймағы

Металлургияда кеңінен қолданылатын қоңыр теміртастың ең ірі кендері шөгінді жыныстар (теңіздік, өзендік, көлдік, батпақтық) мен ультранегізді жыныстардың үгілу қыртысында кездеседі.
Қазақстанда қоңыр теміртас Әйет өзені, Лисаковск қаласы, Арал теңізі маңындағы темір кендерінде кездесаді. Қоры бірнеше млрд. т-ға жететін кен орындарындағы қоңыр теміртастың мөлшері 37% шамасында. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер