Қоңырбайтөбе қалашығы
Үлгі:Көне қалашық Қоңырбайтөбе қалашығы (VIII-X ғғ.) – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Байзақ ауданы, Төрткүл ауылының батыс жағына қарай 4 км жерде орналасқан.
Зерттелуі
2010 жылы "Археологическая экспертиза" ЖШС ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Ақылбек, Ш. Құдабаев) зерттеп, құралмен жоспарын түсіріп, координаттарын алған.
Сипаты
Ескерткіш шығыстан батысқа қарай созылып жатқан, дұрыс емес төртбұрышты төбе жасайды. Көлемі – 240х220х160х120 м, биіктігі 8-10 м. Айналасында, 1 км қашықтықта, биіктігі 1-1,5 м болатын ортағасырлық құрылыс қалдықтары төбе күйінде сақталып қалған. Қала орнының солтүстік және солтүстік-батыс бағытында, 700 м қашықтықта, қыстау орналасқан. Қазіргі кезде қалажұрт егістік алқабының ортасында қалған.
Қала орнының беткі бөлігінен сырсыз қыш ыдыс бөліктері алынған.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref><ref>Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Байзақ ауданы. – Алматы, 2010. 204 б. ISBN 978-601-7253-05-9</ref>