Қоянтобық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қоянтобық<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасы, таусағыз туысына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 8-25 см.
  • Тамыры түйнекке айналған.
  • Сабағы көбіне біреу (кейде 2-5), тік, сыртын нәзік түк жапқан бұтақтары болады.
  • Жапырағы таспа тәрізді, ені 2-5 мм, ұшына қарай соозылыңқы үшкір, тегіс жиекті. Сабақ жапырағы қондырмалы. 5-7 (25) тостағаншасы конус тәрізді (сирек жағдайда цилиндр тәрізді), гүлсидамы тік, жемістенген кезде төмен қарай иіліп тұрады. Орама жапырақтары түкті, жиегі жарғақты.
  • Гүлдерінің тілшелі күлтесі сары түсті.
  • Тұқымының ұзындығы 5-7 мм, айдаршасының ұзындығы 10-20 мм, қылтанағы түкті. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, жеміс береді.

Өсетін жері мен таралуы

Қоянтобық Орта Азия елдерінде, Батыс Сібір жазығында, Ауғанстанда, Батыс Қытайда тараған.

Қазақстанда Торғай, Жем өзендері алабында, Бетпақдала, Мойынқұм шөлдерінде, Қаратау жотасы, Балқаш-Алакөл ойысында кездеседі.

Құмда өсетін каучукты өсімдік, жайылымдық мал азығы.

Дереккөздер

<references/>