Қос азаматтық
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қос азаматтық — Бипатри́д (Үлгі:Lang-la екі рет және Үлгі:Lang-el, ілік септік πατρίδος — отан, туған жер) — халықаралық құқықта, бір уақытта екі немесе одан көп азаматтығы бар физикалық тұлға, мемлекеттердің әрқайсысы өз азаматтық міндеттерін орындауды тұлғадан талап етуі мүмкін. Белгілі бір жағдайларда Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтығын қатар алуы мүмкін. Адамның мұндай жағдайы қос азаматтық деп аталады.
Күрделі мәселе
Қос азаматтығы бар адамдар Парламент немесе жергілікті Билік органдарының депутаттарын сайлауға немесе өздері сайлануға қатысқан жағдайда екі ұшты ахуалға түскен болар еді. Өйткені олардың әрқайсысы дербес саясат жүргізетін екі мемлекеттің азаматы. Ал ол мемлекеттердің мүдделері қайшы келіп қалу мүмкін. Сонда осы екі мемлекеттің екеуінің де азаматы болып саналатын азаматтың алдында екі елдің бірін ғана қалау мәселесі туындайды. Тағы бір мәселе әскери қызмет атқаруға қатыстылықтан туындайды.Бипатрид өз Отанын қорғауға міндетті. Ал оның отаны – екеу. Егер өзі азаматы болған екі ел бір-бірімен жауласар шақ туса, сонда ол осы екі елдің біреуінің ғана жағына шығуы керек. Мұндай ахуал қос азаматтығы бар адамның алдына елеулі мәселелер тартуы мүмкін.de:Staatsbürgerschaft#Mehrfache Staatsbürgerschaft