Қосүйлі мысықтабан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қосүйлі мысықтабан (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасы, мысықтабан туысына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Сипаты

  • Биіктігі 25 см-дей.
  • Тамырынан тікелей өсіп шығатын күрек тәрізді жапырақтарының үстіңгі жағы жылтыр да, астыңғы жағы түкті болады. Бәрі бір жерге жиналып топталып тұрады. Ал сабығынан өсіп шығатын жапырақтары сопақша, кезектесе орналасқан.
  • Гүлдері ақ немесе қызыл түсті, майда, өсімдіктің жоғарғы жағында қолшатыр тәрізденіп шоғырланып тұрады.
  • Қосүйлі мысықтабан қарағайлы ормандарда, шабындықтарда, далалы аймақтарда, бұталардың арасында өседі.

Құрамы

Емдік қасиеті

  • Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлімен қоса жинап алады. Гүлін жинаған кезде тек толық ашылмағандарын жинау қажет.
  • Халық медицинасында қосүйлі мысықтабанды өкпеден, геморрой түйіндерінен, жатырдан, мұрыннан, асқазаннан, ішектерден, сыртқы дене жарақаттардан кеткен қанды тоқтату үшін пайдаланады.
  • Өсімдік гүлінің өт айдайтын қасиеті бар.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>