Мысықтабан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Мысықтабан (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, кейде шала бұта түрі де кездеседі.

Таралуы мен өсетін жері

Дүние жүзінде 50 (кейбір деректерде 100) түрі белгілі. Қазақстанда құмды жерлерде, шалғындарда, тоғайлар мен орманның ашық жерлерінде өсетін 1 түрі – Қосүйлі мысықтабан ( Antennarіa dіoіca).

Ботаникалық сипаты

Сурет:Antennaria alpina.svg
Мысықтабан (Antennaria alpina)
  • Биіктігі 3-30 см.
  • Төсемелі тамырынан бірнеше жіңішке бұтақтар өсіп шығады.
  • Гүлі жетілетін сабағы дара болады.
  • Жапырағы қалақ тәрізді, жапырағының да, сабағының да сыртын ақ түсті түк жапқан.
  • Гүлі қос жынысты, түтікше пішінді себетте орналасқан. Гүлшоғыры – шашақ.
  • Мамыршілдеде гүлдеп, маусымтамыз айларында жеміс салады.
  • Тұқымы ұсақ, сырты жылтыр, айдаршасы болады. Мысықтабан – дәрілік өсімдік. <ref>Қазақ энциклопедиясы , 6 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер