Қостөбе (Оңтүстік Қостөбе)
Үлгі:Көне қалашық Үлгі:Мағына Қостөбе (Оңтүстік Қостөбе) – ортағасырлық қалашық орны.
Орналасқан жері
Түркістан облысы, Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылынан оңтүстікке қарай 7 км жерде.
Зерттелуі
1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) тапқан. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.А. Ақышев) барлап көрді, 1970 жылы зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.А. Ақышев) кең көлемде қазба жұмыстарын жалғастырып, ескерткішке қатысты көптеген мәліметтер алды.
Сипаты
Қалашық орны бүгінгі күні екі қабаттан тұратын төбе, диаметрі 70 м, биіктігі 5 м. Оған құрылыс іздерінің орны сақталған алаңқай-төбешік жалғасады. Оның ортасында тікбұрышты келген, аумағы 50x80 м, биіктігі 1,5-2 м төбе бар. Төбенің біраз бөлігі аршылып, одан шикі кірпіштен қаланған құрылыс орындары, қыш ыдыстар сынықтары қазылып алынған. Хронологиялық жағынан олар 5-7 ғасырларға жатады.
Екінші құрылыс горизонтынан ауданы 112 м2 жер аршылған. Қазба кезінде үш бөлмеден тұратын баспана орны анықталған. Оның сақталған қабырғаларының биіктігі 35-40 см. Көлемі 40-42x20-22x10-12 см шикі кірпіштен тұрғызылған. Қабырғаларының ені 0,5-0,8 м.
№1 бөлме аумағы 5x5,5 м. Екі қабырғасынан ені 1,5 м, биіктігі 0,2 м "Г" тәрізді сыпа табылған. Бөлме ортасынан ошақ орны, бұрыштан хум қазылып алынған. Бөлме ішінен тіреу ағаштарының орындары да аршылған.
№2 бөлме аумағы 5x2,7 м. Мұнда да "Г" секілді суфа және ауданы 50x50 см ошақ орны аршылған.
№3 бөлме аумағы 2,7-3,5 м. Бұл бөлменің Тек бір қабырғасын бойлай салынған суфа орны аршылған.
Зерттеу барысында бұл баспаның өрттен қирағаны анықталды. Қыш ыдыстар алуан түрлі. 300 морфты ұстағышы бар құмыралар, саптаяқтар ұшырасады. Кейбір ыдыстарға айқыш,сопақша келген таңба-белгілер салынған. Банка тұрпатты бір ыдыс сынығынан антропоморфты бейне мен құстың суреті кездескен. Алынған материалдар Ташкент оазисіндегі археологиялық ескерткіштермен, жетіасар кешенімен үндеседі. Бұл жерді Отырар-Қаратау мәдениетін қалдырған тайпалар мекен еткен. Олар егін егіп, мал өсірумен айналыскан.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>