Қонысбай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Қонысбай төрткүлі (X-XII ғғ.) – ескі бекініс орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Байзақ ауданы, Жетібай ауылынан солтүстікке қарай 9 км қашықтықта, ТаразТегістік тасжолынан солға қарай 50 м жерде орналасқан.

Зерттелуі

1936 жылы Жамбыл археологиялық экспедиция ашып зерттеді (жетекшісі А.Н. Бернштам). 1983 Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясы зерттеу жүргізіп, жобасы мен кесіндісін жасады (жетекшісі М. Елеуов). 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов, Д.А. Лобас) зерттеді. 2010 жылы "Археологическая экспертиза" ЖШС ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Ақылбек, Ш. Құдабаев) зерттеп, құралмен жоспарын түсірді.

Сипаты

Төрткүл жоспарда шаршы тәрізді, қабырғаларының ұзындығы -270 м, қабырғалары сәл ауытқушылықпен дүниенің тараптарына қараған. Мұнаралы дуалмен қоршалған. Шығыс және батыс қабырғаларында алтыдан, солтүстік және оңтүстік қабырғаларда төрттен (бұрыштардағы және қақпа мұналарын есептемегенде) мұнаралар бар.
Қақпалары оңтүстік және солтүстік қабырғаларының орта тұсында орналасқан. Олардың конфигурациялары Г-тектес. Төрткүл үш жағынан ені 11 м, тереңдігі 1,5 м ормен қоршалған. Солтүстік қабырғаның ортасынан оған қамыс өскен ескі арна жапсарласады. Ұзындығы 110, ені 1 м, тереңдігі 4 м кесік дуалдың ені 6,75 м, сақталған биіктігі 2,3 м болып келген бекініс қабырғалары болғандығын анықтады. Ол пахса қабаттарынан тұрғызылған.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref><ref>Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Байзақ ауданы. – Алматы, 2010. 204 б. ISBN 978-601-7253-05-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер