Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Кәрбозов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Cleanup Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Кәрбозов (20 қаңтар 1959, Шу, Жамбыл облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері. Заң ғылымдарының кандидаты (2001), генерал-майор (2000).

Білімі

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1981) заңгер-құқықтанушы мамандығы

бойынша бітірген.

  • КСРО Прокуратура институтының Харьков филиалын (1985) бітірген;
  • Мәскеу КСРО прокуратурасы басшы кадрларының біліктілігін жетілдіру институтын (1989) бітірген;
  • Қазақ ұлттық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген (2003).

Қысқаша өмірбаяны

  • 1959 ж. қаңтардың 20 - Жамбыл облысы, Шу қаласында туған.
  • 1976—1981 жж. — Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің студенті.
  • 1981—1982 жж. — Жамбыл облысы Шу ауданы Атқарушы комитетінің жауапты хатшысы.
  • 1982—1988 жж. — Мойынқұм ауданы прокурорының көмекшісі.
  • 1982-1988 жж. - Жамбыл облысы прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры.
  • 1988—1989 жж. — Қазақстан Республикасы прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры.
  • 1989—1994 жж. — Қызылорда облыстық прокуратура тергеу бөлімінің бастығы, облыс прокурорының орынбасары.
  • 1994 ж. мамырдың 13 — 1994 ж. желтоқсанның 5 — Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығы.
  • 1994 ж. желтоқсанның 5 — 1995 ж. қарашаның 3 — Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы мемлекеттік биліктің жоғары эшелондарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокурор.
  • 1995—1997 — Ішкі істер министрлігі органдарында, Мемлекеттік тергеу комитеті мен анықтаудың жедел қызметтерін қадағалау жөніндегі басқарма, салық қызметі, Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Кеден комитеті, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті Бас басқармасының бастығы.
  • 1997—1998 жж. — Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті Департаментінің бастығы.
  • 1998—2000 жж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы.
  • 2000-2003 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу департаментінің бастығы.
  • 2003—2007 жж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары.
  • 2007—2011 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы.
  • 2013 жылғы қазан айынан 2022 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы "Әскери стратегиялық зерттеу орталығы" АҚ президенті.
  • 2022 жылғы сәуірден бастап — ҚазМұнайГаз компаниясына қарасты «KMG-Security» ЖШС бас директоры.<ref>Руководство</ref>

Шығармалары

  • 65 ғылыми еңбегі бар
  • Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты тергеудің ерекшелігі
  • Қазақстанда терроризмді ашудың және тергеудің теориялық-әдістемелік аспектілеріне арналған 17 кітаптың, оқу құралдарының авторы.

Марапаттары

  • «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің құрметті жұмыскері» белгісі
  • «Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрметті жұмыскері» белгісі
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті жұмыскері» белгісі
  • 2-ші дәрежелі Даңқ ордені (2004)
  • 1-ші дәрежелі Даңқ ордені (2009)
  • басқа да Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің медальдарымен марапатталды

Отбасылық жағдайы

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер