Қожахмет Қоңырқожаұлы Қожықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қожықов Қожахмет Қоңырқожаұлы (1910, Қызылорда қаласы – 10.9. 1953, Алматы) – қазақтың ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салушы тұңғыш кәсіби суретшілердің бірі, кескіндемеші, карикатурашы, графикика. 1926 – 28 жылы Мәскеудегі мемлекеттік жоғары көркемөнер техникалық шеберханасында оқыған. Оның 30-жылдары салынған “Егін орағы”, “Газет оқу” атты ұжымшар тыныс-тіршілігін көрсететін туындылары, “Алқызыл моншақты келіншек”, “Ақын толғанысы” (Жамбыл бейнесі) атты картиналары ұлттық бейнелеу өнерінің алғашқы қарлығаштары саналады. Қожықов Қазақ мемл. драма және опера театрлары спектакльдерінің алғашқы суретші-безендірушісі болды. 1938 жылы қуғынға ұшырап, ұзақ жылдар лагерь азабын тартты. Айдаудан оралған соң, шығармашылық және ұстаздық жұмыстармен айналысты. 1944–53 жылы “Қазақфильм” киностудиясының декораторы болды. Заманауи өзекті тақырыптарды қамтыған жүзден астам сатиралық линогравюралар жазды. Нәзік сыршылдыққа тұнған “Жайлауда” (1948), “Кешқұрым” (1949), “Қызыл көш” (1950), “Шабындық” (1950), “Асы жайлауына барарда” (1952), “Құлынды бие” (1952) атты акварельмен орындалған туындыларды өмірге әкелді. “Мың бір түн”, тағы да басқа кітаптарды көркемдеді. Қожықов туындылары Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында, ҚР Орталық мұражайында, Қарақалпақстанның бейнелеу өнері мұражайында (Нөкіс), сондай-ақ, С.Қожықовтың жеке қорында сақтаулы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қожахмет Қоңырқожаұлы Қожықов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}