Карикатура

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:WwI agitka2.jpg
Бірінші Дүние Жүзілік соғыс кезіндегі орыс карикатурасы
Карикатура<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (итальянша carіcatura, carіcare – ұлғайту, әсіре бейнелеу) – өмірдегі жағымсыз құбылыстарды, жеке адамдардың бойындағы кемшіліктерді әшкерелеу мақсатында әзіл-оспақ, сын-сықақ, әжуа-мазақ, шарж, гротеск құралдарын қолданатын көркем бейнелеу тәсілі, бейнелеу өнерінің (негізінен, графика) жанры.

Анықтамасы

  • Карикатура жеке адамдардың не өмірдің көлеңкелі жақтарын, кереғарлық пен кертартпалықты шарж бен гротеск арқылы типтендіріп, аяусыз сынап-мінеуге құрылады.
  • Сатиралық карикатурада адамдардың қоғамға зиянын тигізетін кеселді кемшіліктерін ыза-кекпен жирене отырып әшкерелейді.
  • Юмористикалық карикатурада кейбір адамдардың жекелеген мінезін зілсіз әжуә ету басты мақсат болады.

Дамуы

Бір адамның карикатуралық портреті шарж деп аталады. Онда әлгі адамның мінезін ашып беретін белгілі бір сипаты әдейі әсерленіп суреттеледі. Карикатура ежелгі дәуірлерден белгілі, оның көне үлгілерін Ежелгі Мысыр өнерінен табуға болады (мысалы, “Қаз қорыған мысық”). Кейінгі орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірі өнерінде де үлгілер қолданылған. Карикатура (қатырмада, кейін газет-журналдарда) әлеуметтік күрес пен ұлт-азаттық қозғалыстар (Реформация, 18 ғасырдың аяғындағы Француз революциясы, 1812 жылғы Отан соғысы, 1830 және 1848 – 49 жылдардағы Еуропа елдеріндегі төңкерістер, Париж коммунасы, 1905 – 07 жылдардағы Ресейдегі толқулар, тағы басқа) кезінде идеол. қару ретінде қолданылды. Сонымен бірге, карикатура өз заманындағы өнердің идеялық-көркемдік стилін білдіреді: классицизм принциптері 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдағы көптеген карикатуралардан байқалса, 19 – 20 ғасырлардағы журналдық карикатуралардан “модерн” стилінің, 1910 – 20 жылдардағы карикатурадан экспрессионизмнің әсері байқалды. Қоғамдық өзекті мәселелерге батыл барумен карикатура өнердің басқа түрлеріне бағыт-бағдар жасап береді. 18 ғасырдың 1-жартысынан бері қарай карикатура(У.Хогарт, тағы басқа) жүйелі дами бастады. 18 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырда Дж.Гилрей, Ф.Гойя, О.Домье, тағы басқа карикатураның дамуына үлкен ықпал етті. Ресейде карикатурашы-суретшілер 1905 жылғы төңкеріс тұсында көбейе түсті (М.А. Врубель, Б.М. Кустодиев, В.А. Серов, тағы басқа) 1920 – 30 жылысатиралық журналдардың ашылуына байланысты уытты қыл қалам шеберлерінің (И.А. Малютин, Ю.А. Ганф, Б.Е. Ефимов, Б.И. Пророков, тағы басқа) есімдері кеңінен танылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы карикатура

Карикатура Ұлы Отан соғысы жылдары (1941 – 45) фашист басқыншыларына қарсы күресте халықты патриоттық рухта тәрбиелеуде ерекше рөл атқарған өнер түріне айналды. Соғыстан кейінгі жылдары карикатуралық тақырыбының аясы кеңи түсті: халықаралық және ішкі жағдайда, күнделікті өмір-тұрмыста кездесетін кейбір келеңсіз жайларды өткір сынға алған елеулі туындылар өмірге келді.

Қазақ халқының карикатурасы

Қазақ халқының карикатура өнері Ш.Уәлихановтан басталады. Оның көптеген графикалық суреттері уытты әзілге, қуақы-күлкіге арналған (“Салпаң мұртты қарт”, “Балдан кейін”, “Қоғалдай мен Тоғолдай”, тағы басқа). Қазақстанда карикатура, негізінен, 1920 – 30 жылдары (В.И. Антощенко-Оленев, Ә.Ысмайылов, Қ.Қожықов, Б.А. Чекалин, тағы басқа) қалыптасты. 1956 жылы республикалық “Ара” – “Шмель” сатиралық журналының шығуына байланысты, қазақтың ұлттық әзіл-оспағы мен уытты шешендігін негіз еткен карикатурашылар (А.Р. Ахметов, П.Бейсенов, Н.М. Казанцев, Е.Қалиасқаров, Ж.Қанапиянов, А.И. Латинин, тағы басқа) өсіп жетілді. Қанапиянов “Сатира бейбітшілік жолындағы күресте” атты халықар. көрмеге бірнеше рет (1976, 1979, 1980, 1983) қатысып, “Американша көмек” (1980) К-сы үшін медальмен марапатталды. 1983 жылы оның “Бейбітшілік үшін күрес” деген карикатулар альбомы жарық көрді. Қоғамдық өміріміздегі барлық жетістік пен кемшілікке үн қосатын карикатура суретшілерінің әр алуан тақырыпта көрмелері өткізілді. Соның бірі – 1988 жылыАлматыда “Огни Алатау” газеті мен Қазақстан Мәдениет министірлігі ұйымдастырған бүкілодақтық “Карикатура – қайта құру қаруы” атты көрме. Оған 250 көркем туынды қойылды. Суретшілер бюрократтық іс-әрекеттерді, парақорлықты, тамыр-таныстықты және тоқырау кезеңінің басқа да жағымсыз құбылыстарын батыл сынға алды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Карикатура|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}