Қаштай (қыстау)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қаштай —Қамыс-Самар жайылмасының оңтүстігіндегі қыстау.
Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылының батысында 103 км жерде орналасқан. Төбелі-қырқалы құмдарда еркек шөп, жүзгін, қияқ, құмаршық, бұталар өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.<ref>ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2011. 3-том ISBN 9965-893-64-0</ref>