Қашаубай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қашаубай — XIX ғасырда өмір сүрген шешен-жырау, өмірбаяны жөнінде жартымды дерек жоқ. Қашаубай жырлары көлемі жағынан ықшам, жинақы, ойға бай, сөздері бейнелі, дидактикалық терме, ақыл, нақыл, мақал-мәтел түрінде келеді. Жырау өмірден түйген, ойларын филос., тебіреніс түрінде толғаған. "Балдай тәтті болмаңыз", "Халық қазанын қайнаттым" жырлары бар. Қашаубай жырларын Ғұбайдолла Ахметов (1873–1951) мұрағатынан тауып, Орталық ғылыми кітапхана қорына табыс еткен Ф.Ғауатов. Қашаубай шығармалары "Ақберен" (А., 1972), "Өсиетнаме" (А, 1982), "19 ғасырдағы қазақ поэзиясы" (А, 1985) жинақтарына енген.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Қашаубай жырау сөздері

Су басы бұлақ болса да, Аяғы құяр теңізге. Жақсыдан жаман туса да, Жаманнан жақса туда да, Тартпай қалмас негізге.

Жақсының жақсы біледі, Қадыры мен сымбатын. Жаман қайдан біледі, Арман менен қымбатын?!

Мал бітерге келгенде, Ғашық болған қыздайды. Кетеріне келгенде, Қолға ұстаған мұздай-ды.

Бағың асқан шағыңда, Құзғын салсаң қаз ілер. Бағың тайған шағыңда, Тұйғын салсаң аз ілер.

Қатты қаңтар болмай, Теңіз суы тоңбайды. Қатын шайпау болмай, Ер жалғыз үй қонбайды.

Өтіп кеткен жаңбырды, Жамылшы алып қуар ма? Қас жақсының баласы, Мұншама жаман туар ма?

Қара жерге қар жауар, Қарды көрген бір мұрат.

Балдай тәтті болмаңыз, Жоғаларсың жұтылып. Удай ащы болмаңыз, тастар сені түкіріп.

Халық қазанын қайнаттым, Қолымның кәне қарасы? Ел үшін азап көп көрдім, Етімнің кәне жарасы? Мінезінен белгілі, Жақсы, жаман арасы.

Тіземнен сүріндірсең сүріндір, Тілімнен сүріндірме!

Не қылсаң да тірлікте, Бақыт кілті – бірлікте.

Ұрыс ырысты қашырар, Ынтымақ халықты асырар!<ref>Кіші жүздің билері мен батырлары. Берік Қорқытов. – Алматы: Өлке, 2009. – 528 бет. ISBN 978-601-253-038-4.</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала