Нақыл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нақыл<ref>Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том</ref>– Нақыл сөз – өмір тәжірибесіне, даналық тұжырымға, логикалық қисын мен ғибратты өнегеге негізделген терең ойлы, түйінді сөз. Исхақ әл-Фараби <ref>Успенский Л., Коротко об афоризмах, в сб.: Афоризмы, Л., 1964</ref>“Әдеби жинақ” <ref>Төреқұлов Н., Қазақтың қанатты сөздері, А., 1969</ref> атты еңбегінде: “Нақыл сөз деп – болмыстағы белгісіз бір жұмбақ нәрсенің сыры ашылып, сөз қауашағына тұрақтауын айтамыз” дейді. Нақыл сөздерді А.Байтұрсынов “ділмар сөз” десе, Ш.Құдайбердіұлы “мәнді сөздер” деп атаған. Мысалы: “Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық” (Абай). Нақыл сөздерді шартты түрде а) Отан мен халыққа, дәуірге қатысты; ә) оқу-білім, ғылым-өнерге; б) ақыл-парасат, ұлттық мұрат, арман-тілекке; в) адамгершілік қасиеттерге; г) достық, махаббат, ұрпақ сабақтастығы, уақытқа, мінез ерекшеліктеріне байланысты деп бөлуге болады. Нақылда аз сөзбен ордалы ой беріледі, олар өлең түрінде де, қара сөз қалпында да кездеседі. нақылдың алғашқы сөздік түзілімі көп өзгеріске ұшырай бермейді.

Сыртқы сілтемелер

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>