Қасымбек датқа
Қасымбек датқа (2010 жылға дейін – Көмешбұлақ)<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы</ref> — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл, Қайнарбұлақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукенттен солтүстік-батысқа қарай 23 км жерде, Қызылсу өзенінің бойында орналасқан.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 3788 | Үлгі:Өсім4342 | Үлгі:Өсім4584 | 105,6 | 2192 | Үлгі:Өсім2366 | 107,9 | 2150 | Үлгі:Өсім2218 | 103,2 |
Тарихы
Іргесі 1929-1930 жылдары ұжымдастыру кезінде қаланды. 1950 жылы Қайнарбұлақ, К. Маркс атындағы ұжымшарлар қосылды. 1962 жылы аса ірі шаруашылық «Қайнарбұлақ» сүт кеңшарына біріктірілді. 1995 жылы кеңшар таратылып, оның негізінде «Қайнарбұлақ» ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. 1998 жылға дейін "Советское", 2010 жылға дейін "Көмешбұлақ" ауылы болып келді.
Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді.