Қарқаралы халық театры

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қарқаралы халық театры - драмалық әуесқойлар коллективі. Қарағанды обл-ның Қарқаралы ауд. Мәдениет үйі жанынан 1955 ж. құрылды, ал 1960 ж. оған халық театры атағы берілді. Көркемдік жетекшілері А. Қ. Шанин, Б. Төлеуханова болды. Коллектив құрамында жұмысшылар мен қызметкердер бар. Қарқаралы халық театрында қойылған спектакльдер қатарында Ә. Әбішевтің "Белгісіз батыры", С. Н. Жүнісовтың "Қос анары", С. Шаймерденовтың "Қайдасың, Зоринасы", А. Р. Сатаевтың "Ғани Мұратбаевы", Ш. Жүнісовтің "Жарқын жастығы" т.б. бар. Респ. халық театрлары байқауының лауреаты.


Дереккөздер

Омар мен Тұрдың мазары